Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы жаңа стадион 75 млрд теңгеге салынады

Алматыда жаңа стадион 75 млрд теңгеге салынады

Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда жаңа стадионның құрылысына 75 млрд теңгеге бөлінеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Bes.media басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

35 мың орындық жаңа футбол стадионы Алматыдағы Aport Mall East сауда орталығының батыс жағында салынады. Стадион құрылысына қала бюджетіне 75 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы Алматы қаласының 2025 жылға арналған бюджетін түзету жобасында көрсетілген.

Жоба Қазақстан президентінің спорт инфрақұрылымын және бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асады. Құжатқа сәйкес, биылғы жылдың қыркүйек айының соңына дейін жобаны іске асыру бойынша келісімшартқа қол қойылуы тиіс еді.


Реал Мадрид Орталық стадионның алаңына риза емес: УЕФА клубтың талабын қанағаттандырмады


35 мың көрерменге арналған стадион UEFA-ның төртінші санатына сай салынады. Мұнда жаттығу базалары, жанкүйерлерге арналған демалыс аймақтары және заманауи қауіпсіздік жүйесі қарастырылған.

Жаңа стадион Құлжа мен Талғар трассаларының ортасында, шамамен 15 гектар аумақта бой көтереді. Сондай-ақ бұл жерде метро станциясы мен логистикалық хаб салу жоспарланған. Бұл шешім нысанды қаланың көлік жүйесіне интеграциялауға мүмкіндік береді. 

26 тамызда Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жобамен танысу барысында көлік қатынасы, автотұрақ орындарын ұйымдастыру және аренаны қала ортасына үйлестіру мәселелерін қарастыруды тапсырды.

"Келер жылы құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау қажет", – деді ол.

Дархан Сатыбалды Алматының 65 жылдан астам тарихы бар Орталық стадионы сақталып, жаңғыртылатынын атап өтті. Әсіресе жеңіл атлетика инфрақұрылымы сақталып, нысан Алматы спорт тарихының бір бөлігі болып қала береді.

Жаңа стадионды тек жанкүйерлер ғана емес, "Қайрат" футбол клубының негізін қалаушы Қайрат Боранбаев та күтуде.

"Қаланың жобасында жаңа футбол стадионының құрылысы бар, сіздер де байқаған шығарсыздар. Біз стадион тез арада салынады деп үміттенеміз", – деді Қайрат Боранбаев. 

Еске салсақ, осыған дейін Алматыдағы жаңа стадионның қандай болатынын жазғанбыз.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 30 Қыркүйек, 2025 19:30
Талқылау