Алматыда заңсыз орнатылған 500-ден астам дүңгіршек сүріледі
Алматыда 27 қаңтар мен 17 ақпан аралығында заңсыз орнатылған 500-ден астам дүңгіршек алынып тасталады. Қазірдің өзінде 200-ден астам сауда нүктелерінің иелері бұзу туралы жазбаша ескертулер алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Алматы қаласының әкімдігі
Қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының мәліметінше, бұл стихиялық саудамен күресу және мемлекет қорындағы жерлерге заңсыз орнатылған стационарлық емес сауда нысандарын жою мақсатында жүзеге асырылып жатыр.
Қаланың барлық аудандарында арнайы жұмыс комиссиялары құрылды. Олардың құрамына мемлекеттік органдардың, полиция департаментінің өкілдері, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес және "Атамекен" ҚР ҰКП мүшелері кіреді.
Демонтаждау кезінде дүңгіршектер инженерлік желілерден, электр және су құбырларынан ажыратылады. Қазірдің өзінде 200-ден астам сауда нүктелерінің иелері бұзу туралы жазбаша ескертулер алған. Алматыда барлығы 157 коммерциялық емес ұйымды орналастыру үшін 142 алаң бекітілді.
Өз қызметін жалғастырғысы келетін кәсіпкерлер Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының сауда бөліміне мына телефон арқылы хабарласа алады: 390-21-30.
Айта кетейік, бұған дейін Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы "Шұғыла" шағын ауданындағы Жүнісов көшесі, 135/20 учаскесінде орналасқан нысанның бұзылғанын мәлімдеген еді.