Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда волонтерлер шағымданған Джей Лоның концертін блогер Әлібековтің экс-жары ұйымдырған болып шықты (видео)

Бейбіт Әлібековтің жарыФото: Видеодан скрин

Танымал блогер Бейбіт Әлібеков экс-жары Дана Қарақұсованы көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Блогер 10 тамыз күні Алматыда өткен Дженнифер Лопестің концертін бұрынғы жары ұйымдастырғанын жеткізді. Сондай-ақ Қарақұсованы видеоға түсіріп, Instagram парақшасында жариялады. 

“Құтты болсын! Достар, бұл менің бұрынғы жарым. Бүгінгі концертті ұйымдастырушы First Media Group. Дана, жарайсың. Байқаймын, сізде әлі де қуат бар. Балалар келіңдер жиналайық, көрсетейік. Әдемі. Кел осында тұр. Міне, балалардың бас қосуы. Әй, ол кетіп қалды, болды”, – деді Әлібеков. 

Сондай-ақ блогер жазба астына: “Менің балаларымның анасы”, – деп жазып қойған. 

Ал желі қолданушылары оларға жылы лебіз айтып, ажырасса да жақсы қарым-қатынас сақтап қалғанына таңданысын білдірді. 

“Қандай керемет. Олар ажырасса да жақсы қарым-қатынас сақтап қалған”, “Дана сондай сұлу, мейірімді, ақылды әйел”, “Балаларыңыздың анасы қандай керемет. Ең бастысы күш-қуаты ба. Бәрін сізге шашпаған”, – деп жазды олар.  

Айта кетейік, бұған дейін 10 тамызда Алматыда Дженнифер Лопестің концертінде жұмыс істеген кәмелетке толмаған волонтерлер ұйымдастырушыларға шағымданған еді. Оларды ерекше тәжірибе мен шоу көру мүмкіндігі уәдесімен шақырған, бірақ соңында 12 сағат бойы сусыз, тамақсыз ұстаған. Стадионды тазалатқызған және концерттен кейін уәде етілген трансферді де ұйымдастырмаған. 

Жұмаділлә Нұрила
Сенбі, 16 Тамыз, 2025 11:43
Талқылау