Алматыда вакцинация паспорты сатылып жатыр: Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы түсіндірді
Алматыда вакцинациядан өткені туралы электронды паспорттан сатылып жатыр деген ақпаратқа қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Делдалдар Алматыдағы бірнеше клиникалардың атынан вакцинациядан өткені туралы электрондық паспорт сатып жатқаны туралы ақпарат тарады. Ақпаратқа сәйкес, электронды құжаттың құны клиникаға байланысты 5 мың мен 25 мың теңгенің арасында ауысып тұратынын айтты.
Ақпаратты қоғамдық денсаулық сақтау басқарамысы түсіндірді.
"Мұндай іс-әрекеттің қылмыстық сипатта екендігін және қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығын ресми түрде хабарлаймыз. Осы факт жарияланған сәттен бастап арнайы қызметтік тергеу басталды. Қазіргі уақытта вакцинациядан өту туралы электронды паспорт беру фактісі расталмады. Барлық медициналық ұйымдар, ақпараттық жүйелер мен мәліметтер базасын тексеру басталды. Тергеу нәтижелері бұл ақпаратты растаса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қолдану үшін құқық қорғау органдарына беріледі", - деп хабарлады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.