Алматыда үш жасар бала 9-қабаттан құлап көз жұмды
Фото: Stan.kz
Алматы қаласы Ақкент шағын ауданында 3 жасар бала 9-қабаттан құлап, көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға 22 маусым күні кешкі уақытта болған. Жедел жәрдем оқиға орнына дереу жеткенімен, баланы аман алып қалу мүмкін болмаған.
Аталған жағдайға қатысты Stan.kz тілшісі Алматы қалалық полиция департаментінен мән-жайды сұрап білді.
Елімізде үш ата-ана балалары терезеден құлап кеткені үшін 11 мың теңге айыппұл төлеген
Департамент үш жасар баланың өліміне қатысты тергеу басталғанын мәлімдеді.
“Алатау аудандық полиция басқармасының қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Полиция ата-аналар мен заңды өкілдерді тұрғын үй-жайларда балалардың қауіпсіздігін барынша қамтамасыз етуге шақырады. Балаларды әсіресе қауіпті аймақтарда қараусыз қалдырмауды, терезе құлыптарын қолдануды сұраймыз”, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда қыз 16 қабаттан құлап қаза тапқан еді. Қайғылы оқиға 8 сәуір күні күндіз “Алтын Бұлақ-2” тұрғын үй кешенінде болған.

Ирандағы шиеленістен соң мұнай құны өссе, Қазақстанда доллар бағамы төмендей ме – Сарапшылар жауап берді
