Алматыда үлескер тартуға рұқсат берілген тұрғын үй кешендерінің тізімі жарияланды
Фото: Ru.freepik.com
Алматы әкімдігі үлескерлерді тартуға рұқсаты бар тұрғын үй кешендерінің тізімін жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“ҚазЖылҚұрылыс” АҚ-тың тұрғын үй порталы және сәулет-қала құрылысы басқармасының мәліметінше, Алматы аумағында 28 тұрғын үй құрылыс нысаны бойынша үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат бар.
Фото: Құжаттан скрин
Еске сала кетейік, маусым айында “Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы” заңға өзгерістер енгізілді. Заң бойынша көпқабатты және жеке тұрғын үйлердің жарнамасына тікелей тыйым салынады, егер:
-
Құрылыс компаниясында үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат жоқ;
-
Біртұтас оператормен кепілдік келісімшарты жасалмаған;
-
Банктік жобалық қаржыландыру жүргізілмейді.
Тек мақұлданған жобалық құжаттама негізінде жарнама жасауға рұқсат беретін норма алынып тасталды, бұл бұрынғы құқықтық олқылықты жойды. Заңға “жеке тұрғын үйлер кешені” деген жаңа түсінік енгізілді. Енді оған үлестік қатысу туралы заңның барлық талаптары қолданылады.
Рұқсат құжаттарының және үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсаттың бар-жоғын тексеру үшін азаматтар мына мекенжайларға хабарласа алады:
-
Құрылысқа рұқсат құжаттарының бар-жоғын тексеру үшін — қала құрылыс бақылауы басқармасының анықтамалық call-орталығы: +7 (705) 896-6000.
-
Үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсаттың бар-жоғын тексеру үшін — Алматы қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасы: +7 (727) 2408000.
-
"ҚЖК" АҚ тұрғын үй порталы — homeportal.kz.
"Акушерге, дәрігерге, медбикеге бересің": Қазақстандықтар мемлекеттік перзентханалардың ақша бермесең қарамайтынын айтып, қызу талқылады