Алматыда тұрғын үй күзетшісін қатыгездікпен өлтіруге қатысты резонансты іс сотқа жіберілді
Алматыда “Merkur Towers” тұрғын үй кешеніндегі күзетшінің айуандықпен өлтірілуіне қатысты резонанстық іс Алматы сотына жіберілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Қалалық соттың баспасөз қызметі істің келіп түкенін мәлімдеді.
"Алматының арнайы ауданаралық сотына ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігінің 5-тармағы (аса қатыгездікпен өлтіру) және 147-бабының 5-бөлігі (адамның жеке өмірі туралы мәліметтерді оның келісімінсіз тарату) бойынша сотқа берілген Т- ға қатысты қылмыстық іс келіп түсті. Бірінші эпизод бойынша сотталушыға 2024 жылғы наурызда Алматы тұрғын үй кешенінде күзетшіні өлтірді деген айып тағылды. Сондай-ақ тергеу сотталушыға әлеуметтік желілер арқылы өзінің танысы А-ға қатысты порнографиялық сипаттағы бейнематериалдарды таратты деген айып тағып отыр. Сот болатын нақты күн әлі белгіленбеді", – делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда 45 жастағы ер адам өзі тұратын тұрғын үй кешенінің күзетшісін қатігездікпен өлтіріп кеткені туралы жазған едік.
Айыпталушы бұрынғы депутаттың ұлы екені белгілі болды. Кейін күдіктінің психикалық ауруы бар болуына байланысты тергеу тоқтатылды. Дегенмен кейін іс қайта тергеуге жіберілді.