Алматының жоғары жағында тұрғын үй кешендерін салуға мораторий енгізіледі
Фото: Stan.kz
Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдап, бөлігінде көппәтерлі тұрғын үйлер салуға және аумақты тарылтатын құрылыс жүргізуге мораторий енгізуді тапсырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Дархан Сатыбалды шаһардың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алдағы жоспарлары туралы баяндады.
Биылғы бірінші жартыжылдықта қысқамерзімді экономикалық индикатор 11%-ға өскен. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 25,4%-ға артты.
Қаланың орталық бөлігіне түсетін жүктемені азайтуға, инфрақұрылымды теңгерімді бөлуге және қалада жайлы орта қалыптастыруға бағытталған полицентристік даму барысы жөнінде мәлімет берді.
Аудандар арасындағы тиімді байланыс пен қоғамдық көлік қызметін жақсартатын транспорт жүйесін құру мәселесіне ерекше назар аударылды.
Фото: Ақорда
"Қасым-Жомарт Тоқаев шаһардың жоғарғы бөлігінде көппәтерлі тұрғын үйлер салуға және аумақты тарылтатын құрылыс жүргізуге мораторий енгізуді тапсырды. Бұл шектеу Бас жоспарда қарастырылған әлеуметтік нысандар мен туристік кластер жобаларына қатысты емес", – делінген Ақорда хабарламасында.
Бас жоспарға табиғи ортаны қорғауды күшейтуге, қаланы жүйелі дамытуға және тау бөктеріндегі құрылыстың алдын алуға арналған өзгерістерді уақыт оздырмай енгізу міндетін жүктеді.
Қазақстандық жалған құжат рәсімдеп мемлекеттен үй алған
Алматыда жүзге жуық үлескер құрылыс сызбасындағы қате үшін пәтерлерін ала алмай әлек
Еске салайық, бұған дейін 2026 жылдан бастап Қазақстанда пәтер сату қиындап, қымбаттайтынын жазған едік. Жаңа Салық кодексіне сәйкес, жылжымайтын мүлікті сату ережелері қатаңдатылады. 2026 жылдың қаңтарынан бастап мүлікті салықсыз сату үшін оны кемінде 2 жыл иелену керек (қазір 1 жыл). Ал 33 млн теңгеден асатын нысандарды бір жылдан аз иеленіп сатқан жағдайда салық 10%-дан 15%-ға өседі. Сарапшылар бұл өзгерістердің нарыққа елеулі әсері болмайтынын айтады.

Үлескерлерге қатысты заң өзгереді, Трамптың 25%-дық баж салығы күшіне енеді: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
