Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда тұрғын үй ғимаратының қасбетінде декоративтік жарықтандыру сымдары өртенді (видео)

Алматыда тұрғын үй ғимаратының қасбетінде декоративтік жарықтандыру сымдары өртендіФото: Видеодан скрин

7 желтоқсан күні Орбита-2 17а мекенжайындағы ғимарат қасбетінде декоративтік жарықтандыру сымдарынан өрт шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өрттің салдарын жергілікті тұрғындар Threads әлеуметтік желісінде жариялады.

“Алматыда ескі үйлерге орнатылған әдемі жарықтар өртеніп кетті. Түнде мұның бәрі әсерлі көрінеді, бірақ жүйе, көріп отырғанымыздай, соншалықты қауіпсіз емес екен”, – дейді видео авторы.

Әкімдік өрт шыққан кабель желісінің учаскесі бірнеше ай бұрын тұрғындардың өтініші бойынша электр қуатынан ажыратылғанын және оқиға кезінде қысым болмағанын хабарлады.

“Зақым тек ажыратылған сегментке шектелген. Шамамен 18 метр кабель мен гофра еріп, алты жарық құрылғысы зақымданды”, – деп хабарлады қала әкімдігі.


Астанада Cinema City кинотеатры өртке оранды (видео)


Гонконгта 4000 адам тұратын тұрғын үй кешені түгі қалмай өртеніп кетті (видео)


Қазір мамандар болған оқиғаның себептерін анықтап жатыр. Өрт фактісі бойынша полицияға да арыз түсті.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 08 Желтоқсан, 2025 10:57