Алматыда тепловоз бен автобус соқтығысты: Зардап шеккендер бар (видео)
2024 жылдың 26 қарашасында Алматыда жолаушылар автобусы мен тепловоз соқтығысып, алты адам зардап шекті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Алмалы ауданында сағат 11:40-та болған.
"Жеке тасымалдаушыға тиесілі 88-бағыттағы автобус Әуезов көшесінің бойымен солтүстік бағытта, Гоголь көшесінің солтүстігінде, батысқа қарай темір жол бойымен келе жатқан тепловозға соқтығысты", – делінген хабарламада.
Оқиға салдарынан автобустың алты жолаушысы зардап шекті. Оларға медициналық көмек көрсетілді.
Оқиғаның басқа мән-жайлары анықталып жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Алматының Алатау ауданында автобус пен жүк көлік соқтығысқан еді.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"