Алматыда "Тендер биржасының" негізін қалаушы алаяқтық фактісі бойынша ұсталды

Фото: Шыңғыс Құрманғалиев желідегі парақшасынан
"Тендер биржасы" негізін қалаушы Шыңғыс Құрманғалиев Алматыда алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Полицияның мәліметінше, тергеу басқармасының өндірісінде қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігі бойынша – ірі көлемде жасалған алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс бар.
"Күдікті К. есімді азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал сот бұлтартпау шарасы ретінде қамауда ұстауды таңдады. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес тергеудің өзге мәліметтері жария етілмейді", – делінген хабарламада.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"