Алматы тұрғыны телефон арқылы "әзіл" айтқаны үшін 4 жылға сотталды

Алматыда бірнеше рет теміржол вокзалдарында жарылғыш зат бар екені туралы жалған хабар бергені үшін 44 жастағы тұрғын 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол жазасын өтеу барысында төрт рет таксофон арқылы қоңырау шалып, жарылғыш зат қойылғаны жайлы хабарлаған.
“Оның әрекеттері эвакуация мен төтенше қызметтердің жұмылдырылуына себеп болды. Жалған дабылдың салдарынан мемлекеттік органдарға келтірілген шығын 3,3 миллион теңгеден асты. Жүргізілген сараптамалар қоңырау шалған адамның жеке басын және оның сөздерінде тікелей қауіптің болғанын растады.
Сот ер адамды Қылмыстық кодекстің 273-бабы бойынша кінәлі деп таныды. Сотталушы мемлекетке келтірілген шығынды өтеуге және өтемақы төлеуге міндетті”, – деді Бас көлік прокуратурасы.
Көлік прокуратурасы мұндай қылмыстар қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіріп, ауыр салдарға әкелетінін ескертеді.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді