Алматыда тегін секциялар мен үйірмелерге құжат өткізудің бірінші кезеңі аяқталды
Алматыда тегін секциялар мен үйірмелерге құжат өткізудің бірінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы әлеуметтік желіде "QaztiQet" ЖШС DamuBala жүйесін әзірлеушілер жазды.
"15 000 ваучерге үміткер Алматыда кезекке тұрды. Бүгін, 3 мамыр күні, сағат 18:46-да Алматыда кезекке тұрудың бірінші кезеңі аяқталды. Оператордың келісімі бойынша тегін секциялар мен үйірмелерге тіркеудің жоспарланған лимиті 15 мың орынға дейін көбейді”, – деп жазды олар.
Енді қаланың әр ауданындағы ваучерге қажеттілікті бағалағаннан кейін кезекке тұру қайта ашылады.
Екінші кезеңнің басталу уақыты туралы әзірлеушілер қосымша осы аптада хабарлайды.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"