Алматыда тауық етінің бағасын қымбаттатуға тыйым салынды
Алматыда тауық етінің бағасы екі жыл бойы өзгермейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алматы қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін "Алматы" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы "Алатау-құс" құс фабрикасымен қарыз шартын жасады.
Келісім аясында қалада өндірушінің тауық етінің бағасы бекітілетін болды. "Алатау-құс" АҚ фирмалық дүкендеріндегі және Алматыдағы дүкендердегі өнімнің бір келісі 1 100 теңгеден аспайды. Келісілген шарт бойынша жалпы көлемі 1818 тонна. Бағаны тұрақтандыру кезеңі – 24 ай.
Қала әкімдігінің мәліметінше, өнімдерді сату нүктелерінің мекенжайларын almatyazyk.kz сайты арқылы білуге болады.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда тауық жұмыртқасының бағасы үш жыл бойы өзгермейтіні туралы жазған едік.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді