Алматыда тауға шыққан жасөспірім биіктен құлап, жарақат алды
Алматыдағы Хрищатый шыңына шыққан жасөспірім биіктен құлап, жарақат алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Жедел құтқару қызметінің мәліметінше, 11:55-те төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне "Хрищатый" шыңында жас жігіттің биіктіктен құлағаны туралы хабарлама түсті. Жанында 15-17 жас аралығындағы үш досы болған (жеке деректері нақтыланып жатыр).
Оқиға орнына құтқарушылар тобы барып, жасөспірімді қауіпсіз жерге түсірген. Олар жасөспірімді медицина қызметкерлеріне тапсырды. Алайда оның жағдайы ауыр деп бағаланды.
Еске салайық, бұған дейін Эвересттегі сенбілік кезінде төрт адамның мәйіті мен қаңқа табылып, 11 тонна қоқыс шығарылғанын жаздық. 2019 жылдан бастап Непал армиясы тауларда бес рет тазалық жұмыстарын жүргізген. Осы уақыт аралығында 119 тонна қоқыс, 14 мәйіт пен бірнеше қаңқа жиналған. Сарапшылардың пікірінше, Эверестте әлі 200-ден астам мәйіт пен 50 тонна қоқыс қалды.