Алматыда Тәуелсіздік күніне орай мерекелік отшашу ұйымдастырылмақ
Алматыда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай мерекелік отшашу ұйымдастырылмақ. Бұл туралы Алматы қаласы Мәдениет басқармасында мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Отшашу 16 желтоқсан күні Қазақ-Британ техникалық университеті алаңында 21:00-де басталады. Бұдан бөлек қалада мереке қарсаңында 110 іс-шара ұйымдастырылған.
Отшашу Нұр-Сұлтан қаласында да атылады.
"Тәуелсіздік күнін тойлау қарсаңында 15 желтоқсан күні отшашу ұйымдастыру жоспарланып отыр", - деп мәлімдеді қала әкімшілігінің баспасөз қызметінде.
Отшашу 21:00 Ботаникалық бақ, Есіл өзенінің сол жағалауында, Пушкин мен Абылай хан көшелерінің қиылысында атылады.
Айта кету керек, отшашу бюджет қаржысына емес, демеушілер қолдауымен ұйымдастырылған.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты