Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда такси жүргізушісі 18 жасар қызды ұрлап әкетіп, зорлады деген күдікке ілінді

18 жасар қызды зорлағанФото: freepik.com

Алматыда такси жүргізушісі 18 жасар қызды ұрлап әкетіп, зорлық-зомбылық көрсетті деп айыпталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

“НеМолчи” қорының мәліметінше, оқиға қалада 19 қыркүйек күні болған.  2007 жылы туған қызды такси жүргізушісі әуелі ұрлап әкетіп, зорлық-зомбылық көрсеткен. Жүргізуші қызды ұнатып жүрген адам болып шыққан. 

"Қызды бес сағат бойы тергеді. Кейін бір полиция бөлімшесінен екіншісіне, одан соң үшіншісіне алып барған. Прокурор қоңырау шалғаннан кейін ғана арызды Медеу ауданында тіркеуге тырысқандай болды, бірақ сараптамаға жіберуден үзілді-кесілді бас тартып отыр", – делінген қор хабарламасында.

Қор мәліметінше, қыз түні бойы жуынбай, полиция бөлімшелерін аралап жүрген. Сондай-ақ қор мемлекеттік адвокаттың түнде келгенін, бірақ сараптаманы күтпестен кетіп қалғанын айтты. Қор өкілдері бұл іске Бас прокуратураның араласуын талап етті.

Аталған жағдайға қатысты Stan.kz тілшісі Алматы қалалық полиция департаментінен мән-жайды сұрады. Олар күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеді. 

“Жәбірленушінің арызында көрсетілген фактілер бойынша Медеу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері дереу қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қолданыстағы заңнама аясында жедел-іздестіру шаралары жалғасып жатыр. Алматы полициясы тергеудің объективті әрі жан-жақты жүргізілуін қамтамасыз етіп отыр”, – делінген хабарламада. 

Жұмаділлә Нұрила
Сенбі, 20 Қыркүйек, 2025 16:37
Талқылау