Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда тағы да күйік иісі шығып, тұрғындар шағымданды

қала ғимараттарыФото: Stan.kz

30 қазан таңертең алматылықтар қалада өткір, күйік иісі шығып жатқанын айтып, жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әлеуметтік желіде қаланың әртүрлі ауданының тұрғындары жағымсыз иістен оянғанын жазды. Айтуларынша, Алматыда ауа сапасы нашарлап, көз ашып, тыныс алу қиындаған. 

“Алматылықтар, сіздер де біртүрлі күйік иісін сездіңіздер ме? Жанып жатқан пластик иісіне ұқсайды. Иістен шошып оянып, барлық розеткаларды тексердік. Далада өрт болып жатыр ма, деп ойлап кіреберіске шығып, сыртты қарадым”. 

түтін иісіФото: Видеодан скрин

“Весновка – Қарасай батыр көшелері маңында бір иіс шығып жатыр. Осы сасық иістен оянып кеттім”. 

“Күйік иісін сезіп отырғандар бар ма? Біз осы иістен оянып кеттік. Себебі терезелер ашық тұрған еді. Біз орталықта тұрамыз. Сыртта сұмдық иіс шығып жатыр”.

“Таугүл жақтан да жағымсыз иіс шығып тұр. Мұны кешке ұйықтар алдында сездім. Мен де барлық розеткаларды тексердім. Кейін ашық тұрған терезеге жақындадым да, иістің сырттан келіп жатқанын түсіндім”.

алматылық шағымы

Фото: Видеодан скрин

Аталған жағдайға қатысты Stan.kz тілшісі Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен мән-жайды сұрады. Олар 30 қазан күні түнде қалада үш орыннан шақырту болғанын мәлімдеді.


Қоқыс полигонындағы өрт алматылықтарға қаншалықты қауіпті: Мамандар экологиялық апатқа байланысты дабыл қақты


"Көзден жас ағып тұр, үш минут сайын түшкіремін": Алматылықтар жаппай аллергияның өршігеніне шағымдануда


“30 қазан күні сағат 00:30-да Әуезов ауданы, 1-шағынауданда, СПЧ-6 өрт сөндіру бөлімшелері қоқыс жинауға арналған контейнердегі 2 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірді. Өрт сағат 00:40-та жойылды. Кейін сағат 02:33-те Алмалы ауданы, Шагабудинов көшесі, 138-үйдің маңында ашық аумақтағы 0,1 шаршы метр аумақта қоқыс жанды. Ол да сөндірілді. Ал түнгі сағат 04:01-де Алмалы ауданы, Наурызбай батыр көшесі, 23-үйдің маңында ашық аумақта 0,5 шаршы метр аумақта тағы қоқыс жанып, сөндірілді”, – делінген хабарламада. 

Кейіннен  "Қазгидромет" РМК қаладағы атмосфералық ауа сапасына мониторинг жүргізген. Олардың мәліметінше, кей күндері, әсіресе түнгі және таңғы уақытта, желсіз ауа райы мен температуралық инверсия кезінде, ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясынан асу жағдайлары тіркеледі. 

Еске салайық, 14 қыркүйекте Алматы облысында қоқыс полигонында өрт шыққан еді. Облыс әкімдігінің "елді мекендерге қауіп жоқ" деген мәлімдемесіне қарамастан, 16 қыркүйекте қалаға өрт иісі жетіп, тұрғындардың наразылығын тудырды. 

Жұмаділлә Нұрила
Бейсенбі, 30 Қазан, 2025 12:06
Талқылау