Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда стихиялық қоқыс үйінділері үшін шенеуніктер жазаланды

қоқысФото: pixabay.com

Алматыдағы экология департаментінің басшысы Дінмұхамед Лесбеков Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде қаладағы стихиялық қоқыс орындары үшін қанша лауазымды тұлға жазаланғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

2025 жылы Алматының аудан әкімдіктері 10 стихиялық қоқыс үйіндісін анықтап, жойған.

"Биыл тоғыз айда санитарлық тазалық саласындағы қызметтік міндеттерін орындамағаны үшін департаменттерге айыппұл салынды. Аудан әкімдіктерінің тоғыз лауазымды тұлғасы жауапкершілікке тартылды. Олардың қатарында абаттандыру және коммуналдық шаруашылық бөлімдерінің басшылары мен әкімнің жауапты орынбасарлары бар", – деді Лесбеков.

Оның айтуынша, инспекторлар қала аудандары бойынша күн сайын рейд жүргізеді.

Сонымен қатар департамент азаматтардың шағымдары негізінде стихиялық қоқыс орындарын анықтап, жою жұмыстарын атқарып келеді.


Алматыда тағы да күйік иісі шығып, тұрғындар шағымданды


ТЭЦ-тің газға ауысуы Алматыдағы лас ауа проблемасын шеше ала ма: Сарапшылар мегаполистегі қалың тұмша неден түзілетінін талдап берді


Еске салайық, 14 қыркүйекте Алматы облысында қоқыс полигонында өрт шыққан еді. Облыс әкімдігінің "елді мекендерге қауіп жоқ" деген мәлімдемесіне қарамастан, 16 қыркүйекте қалаға өрт иісі жетіп, тұрғындардың наразылығын тудырды. 

 

Айым Атамбаева
Сенбі, 01 Қараша, 2025 12:49
Талқылау