Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда "Сергек" камералары тағы бір заң бұзушылықты тіркейді

Алматыда "Сергек" камераларының жаңа функциясы пилоттық режимде іске қосылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: qov.kz

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл жүйе сынақ ретінде Сәтбаев көшесінде, Достық даңғылынан бастап Валиханов көшесіне дейінгі аралықта, көшенің оңтүстік және солтүстік жақтарында енгізілген.  

"Бұл бейнебақылау жүйесі автокөліктердің тұрақ ережелерін бұзуын, соның ішінде екінші қатарға қойылған көліктерді анықтайды", – деп мәлімдеді полиция. 


"Сергек" Астанадағы жұмысын тоқтатты: Енді елордадағы бейнебақылау жүйесін БАӘ-ге тиесілі компания басқарады


Алматы әкімшілік полициясы Қазақстанның Жол қозғалысы ережелерінің 85-тармағына сәйкес, жолдың жүріс бөлігінде көлікті тек бір қатар етіп қоюға рұқсат етілетінін еске салды. Тек кейбір жерлерде (жолдың кеңейтілген учаскелерінде) көліктерді басқа ретпен орналастыруға рұқсат берілуі мүмкін.  

Ал 87-тармақтың 8-бөлімінде көлікті басқа автокөліктердің қозғалысына (кіруіне немесе шығуына) кедергі келтіретін немесе қозғалысқа қиындық тудыратын жерлерде тоқтатуға тыйым салынғаны айтылған.  

Сондай-ақ полиция бөлімшесі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 597-бабы, 3-тармағына сәйкес, жолдың жүріс бөлігінде көлікті дұрыс қоймау және басқа көліктердің қозғалысына кедергі келтіру 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкелетінін хабарлады. Бұл шамамен 39 320 теңге болды. Егер айыппұл жеті күнде төленсе, оның мөлшері 5 АЕК-ке (19 660 теңге) дейін азаяды.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға айыппұл салынатыны туралы жазған едік. Депутаттар аталмыш айыппұлды алып тастауды талап етті. 

Талқылау