Алматының сауда орындарына мәртебесі "көктерге" кіруге болмай ма – Бекшин жауап берді
Алматыда қазір сауда орындарына жұмыс күндері мәртебесі "жасыл" адамдар ғана кіреді деген талап жоқ, алайда қала дәрігерлері Нұр-Сұлтандағы эпидемиологиялық жағдайды бақылайды. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Айта кетері, Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес 15 қарашадан бастап сауда және ойын-сауық орталықтарына жұмыс және демалыс күндері тек "жасыл" мәртебе алған адамдар ғана кіре алады.
Алматының бас санитар дәрігері ең алдымен Нұр-Сұлтандағы эпидемиологиялық жағдайды бақылайтынын жеткізді.
"Нұр-Сұлтанда осындай қаулы шықты. Бұл ұзақ уақыт талқыланды. Сауда және ойын-сауық орталығына тек "жасыл" мәртебесі бар адамдарды кіргізуді пилоттық шешім деуге болады. Егер ол жақсы нәтиже көрсетсе, елдің басқа өңірлеріне де енгізіледі. Бірнеше апта бақылаймыз", – деп жауап берді Бекшин.
Айта кетcек, қазір Алматыда коронавирусқа қатысты эпидемиологиялық жағдай тұрақтанып жатыр. Қала қазір коронавирустың таралуы бойынша "сары" аймақта тұр. Қалада ұжымдық иммунитет 56%-ды құрайды.
Бүгін қалада Pfizer вакцинасын салу басталды, ал ревакциналау 22 қарашада басталады.
Өткен аптада инфекция анықталған науқастардың 29%-ы сауда орындарында, 21%-ы қоғамдық көлікте, 22%-ы отбасыда, 9%-ы базарда, 9%-ы жұмыс орнында жұқтырған.