Алматыда полиция Мұхтар Тайжанды үйінен ұстап алып кетті
Алматыда полиция қоғам белсендісі, белгілі кәсіпкер Мұхтар Тайжанды үйінен ұстап алып кетті. Бұл жөнінде "Халық парламенті" өкілінің өзі мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қоғам белсендісін Қылмыстық кодекстің 488 бабы (бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзу) бойынша ұстаған.
Тайжан сонымен қоса үйіне полицияның келген сәтін көруге болатын бейнежазбаны қоса жариялаған.
"Достар, полиция үйіме келіпті, 488-баппен әкетіп бара жатыр. 9 сәуірде ұйымдастырған митингім үшін. Алаңдамаңыздар, мен жауапкершілікке дайын екенімді айтқанмын", - деп жазды ол.
- Алматыда мәжіліс пен мәслихат сайлауының нәтижесімен келіспейтін белсенділер "Халық парламентін" өткізді
- "Жауапкершіліктен жалтару": 30 жылдағы қателіктің бәрін Назарбаевтың мойнына артқан дұрыс па
Еске салайық, 9 сәуірде "Халық парламентінің" өкілдері митинг өткізіп, мәжіліс және мәслихатқа өтпей қалған кандидаттар мен өзге де белсенділер сайлау нәтижесін жоюды талап еткен.
Митинг үшін жауапкершілікті саяси белсенді Рысбек Сәрсенбайұлы да өз мойнына алатынын айтқан еді.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр