Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда PokStars және LuckyShark онлайн-казиноларының ұйымдастырушылары сотталды

Фото: istockphoto.com

Қаржы мониторингі агенттігі "PokStars" және "LuckyShark" атты заңсыз онлайн-құмар ойындарын ұйымдастырған тұлғалар тобына қатысты тергеуді аяқтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентігі хабарлайды. 

Агенттіктің мәліметінше, бәс тігулер банк арқылы қабылданып, одан соң ойыншыларға жүйеге кіру үшін логин мен құпиясөз берілген.

“Қаржылық операциялар туыстары мен үшінші тұлғалардың, соның ішінде шетел азаматтарының (дропперлердің) атына рәсімделген банк карталары арқылы жүргізілген. Жаңа ойыншыларды тарту мақсатында әлеуметтік желілерде ойын клубын жарнамалайтын нысаналы жарнама қолданылған”, – делінген хабарламада. 


Онлайн құмар ойындарды жарнамалаған қазақстандық блогерлер қандай жазаға тартылады


Сот үкімімен үш кінәлі тұлға 2 жыл 6 айдан 4 жыл 6 айға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ мемлекет пайдасына 116 миллион теңге заңсыз табыс пен "ZEEKR" маркалы автокөлік тәркіленген.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда онлайн казино жарнамалаған блогерлерді қылмыстық жауапқа тарту ұсынылған еді.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 06 Қараша, 2025 20:51