Алматыда "Перзент" қайырымдылық балалар үйінде өрт шықты
Фото: желі кадрларынан скрин
Алматының Наурызбай ауданында орналасқан "Перзент" қайырымдылық балалар үйінің ғимаратында өрт шыққан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға 9 қарашада болды. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт сөндірушілер Алтын орда көшесіндегі ғимаратта шыққан жалынды сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Болжам бойынша, өрт балалар үйінің асханасында басталған. Басшылықтың айтуынша, ғимаратта адамдар болмаған. Тәрбиеленушілер дер кезінде эвакуацияланып, қауіпсіз жерге шығарылған.
"Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Өрт сөндіру қызметі жоғары дайындық режимінде жұмыс істеп жатыр. Барлық 35 бала мен қызметкерлер дер кезінде эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ. Балалар қауіпсіз орындарға орналастырылды, оларға қажетті көмек пен қолдау көрсетіліп жатыр.
Қазіргі уақытта өрттің таралу қаупі жойылды. Өрт ошағы оқшауланған. Оқиға орнында Алматы қаласы ТЖД бөлімшелері жұмыс істеуде", – деп хабарлады ТЖМ.
Оқиға орнында Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды және қалалық құрылымдық бөлімдердің басшылары барды. Қазіргі таңда уақытша орналастыру, тамақтандыру және материалдық қолдау шаралары қамтамасыз етілуде.
Қазір жағдай бақылауда. Өртті сөндіруге қажетті су үздіксіз берілуде, бірнеше өрт сөндіру желісі қосылған.
"Перзент" қайырымдылық балалар үйі бірнеше жетім балаларды бауырына басқан Әмина апаға тиесілі
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік