Алматыда офицер қол астындағы сарбазға күш көрсетіп, демалыс уақытында жұмысқа салған

Алматыда офицер өзіне бағынышты сарбазға күш көрсетіп, оның демалыс уақытында заңсыз жұмысқа салған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сот мәліметінше, офицер қол астындағы сарбазға физикалық күш қолданған. Одан бөлек, оны демалыс уақытында жұмысқа заңсыз тарту арқылы өкілеттігін асыра пайдаланған.
Алматы гарнизонының әскери сотында бағынушысына қатысты билігін асыра пайдаланған офицер А.-ға қатысты үкім жарияланды. (ҚК 451-бабы, 1-бөлігі – билікті немесе қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану). Прокурор 3 жыл мерзімге бостандығын шектеуді сұрады.
Сотталушы кінәсін толық мойындап, жәбірленушіге материалдық және моральдық зиянды өтеуге дайын екендігін білдірді. Ал адвокат 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеуді өтінді.
Жәбірленуші соттан айыпталушыны барынша қатаң жазалауды және өзіне келтірілген моральдық әрі материалдық шығынды өтеп беруді сұрады.
“Сот офицердің кінәсін мойындағанын ескерді. Бірақ оның әскери антты бұзғанын ауыр жағдай ретінде қабылдады. Соның нәтижесінде ол кінәлі деп танылып, 2 жылға бостандығын шектеу жазасы берілді.
Сонымен қатар ол "аға лейтенант" шенінен айырылды. Енді жәбірленушіге келтірілген шығынды өтеп беруі тиіс”, – деді Әскери сот.
"Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын": Қазақстандық панажай иелері далада қалған жануарларды қалай асырайды