Алматыда музей қызметкері "жауынгер рухтардың" көмегімен тонаушыларды райынан қайтарған: Оларға семсер мен найза керек болған
Алматыдағы Қазақстан орталық мемлекеттік музейінің директор орынбасары Бибігүл Дәндіғараева "ежелгі жауынгерлер мен ата-бабалардың рухының" көмегімен тонаушыларды қалай райынан қайтарғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ”Хабар 24” арнасына сілтеме жасап.

Тәртіпсіздікке қатысқандар музейге басып кіріп, ғұн мен сақ жауынгерлерінің найзалары мен семсерлерін алмақ болған.
Музей қызметкерінің айтуынша, тонаушылар есікті бұзып, 6-7 адам ішке енген. Ал артында 200 адамнан тұратын топ тұрған. Кейбірінің қолында пышақ болды, дейді оқиға куәгері.
"Оларға нақты не айтқаным есімде емес. Бірақ ештеңеге тиіспеуді сұрадым. Себебі бұл – біздің тарихымыз, оны жоғалтуға болмайтынын ескерттім", – дейді Бибігүл Дәндіғараева.
Ақырында ол тонаушыларды райынан қайтарған. Айтуынша, бұл істе оған "ежелгі жауынгерлер мен ата-бабалардың рухы" көмектескен.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды