Алматыда Louis Vuitton мен Nesquik белгісіндегі көшірме тауарлар сатылып келген

Алматыда Louis Vuitton мен Nesquik белгілері заңсыз қолданылып, сапасы нашар көшірме тауарлар саудада болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматы қаласының Әділет департаментінің мәліметінше, заңсыз тауарлар сауда орындарынан анықталған. Әлемге әйгілі брендтердің тауарлық белгілері заңсыз қолданылған.
"Алматы қаласында киберполицейлермен бірлесе жүргізілген тексеру кезінде Nesquik тауарлық белгісін заңсыз қолдану фактісі анықталды. Қала аумағында тіркелген тауарлық белгіге ұқсас, бірақ заңсыз тауарлар сатылған. Заңсыз айналымнан 2000-нан астам бірлік контрафакт тауар алынды. Жалпы құны 4 миллион теңгеден асты", – деп хабарлады департамент.
-
Әйел маркетплейстен тапсырыс берген заттардың астында тұншығып көз жұмды
-
Қазақстанда түбіртекті кассада қалдыру немесе қоқысқа тастау неліктен қауіпті
Қосымша тексеру кезінде Louis Vuitton брендінің де жалған тауарлары сатылып жатқаны анықталды. Бұл өнімдердің сапасы нашар және олар заңға сәйкес сатылмаған. Заңсыз тауарлардан жүздеген дана жиналып алынды.
Осы бұзушылықтар бойынша құжаттар толтырылып, сотқа жіберілді, кінәлілер заң бойынша жауапқа тартылады.
"Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын": Қазақстандық панажай иелері далада қалған жануарларды қалай асырайды