Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда лифтте дәрет сындырған курьер қамауға алынды (видео)

Видеодан скрин

Алматыда курьер тұрғын үй кешенінің лифтінде дәрет сындырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Ер адамның әрекеті желі қолданушыларының наразылығын тудырды. 

Алматы полиция департаменті лифтте дәрет сындырған ер адамның қамауға алынғанын хабарлады. Курьер ұсақ бұзақылық дерегі бойынша жауапқа тартылған.

"Әлеуметтік желілерде Алматы қаласындағы бір көппәтерлі тұрғын үй кешенінің лифтінде ер адам қоршаған ортаға айқын құрметсіздік танытып, заңға қайшы әрекет жасап жатқан видеосы тарады. Алмалы аудандық полиция басқармасы құқық бұзушының тұлғасын анықтады. Ол ұсақ бұзақылық дерегі бойынша жауапқа тартылды. Алматы қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен құқық бұзушы бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды", – делінген хабарламада. 

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 17 Наурыз, 2026 21:24