Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда құны 2,6 миллиард теңге болатын баспа үйі мемлекет меншігіне қайтарылды

баспалар үйі қайтарылды

Фото: Nurzhan Sadirbekuly/Google

Алматы прокуратурасы құны 2,6 миллиард теңге болатын "Баспалар үйі" АҚ 100% акциясын мемлекет меншігіне қайтарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алмалы ауданының прокуратурасы "Баспалар үйі" ("Баспа үйі") АҚ акцияларының 100%-ын мемлекет меншігіне қайтаруды қамтамасыз етті.

"2016 жылы бұрын мәдениет және спорт министрлігіне тиесілі құны 2,6 миллиард теңге акцияларды жеке тұлға арзандатылған бағамен заңсыз жекешелендіріп алған. Мемлекеттің мүліктік мүдделерін қорғау мақсатында прокуратура мәмілені жарамсыз деп тану туралы сотқа талап-арыз берді", – делінген хабарламада.

Апелляциялық сатының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың прокуратураның талап қою талаптарын қанағаттандыру туралы шешімі өзгеріссіз қалдырылды және заңды күшіне енді.


Тараз жылу электр орталығы толықтай мемлекет меншігіне қайтарылды


Шығыс Қазақстан облысындағы университетке 1,5 миллиард теңгенің мүлкі қайтарылды


Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы Абай атындағы университет ғимаратының бір бөлігі мемлекетке қайтарылды. 1997 жылы Жекешелендiру жөнiндегi аумақтық комитет оқу корпусы ғимаратының бiр бөлiгiн 196 000 теңгеге заңсыз сатқан. Сол жылы 62 000 теңгеге 26 сотық жер телімі де заңсыз сатылған. Жоғары оқу орны ғимараты республикалық маңызы бар тарихи және мәдениет ескерткіштері қатарына жатады. Ал жер учаскесінде қаланың ең ескі сәулет құрылыстарының бірі – "Ескі қақпа" орналасқан.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 02 Шілде, 2025 14:35
Талқылау