Алматыда күндіз есірткі жарнамасын қорықпастан іліп жүрген жұп ұсталды
Алматыдағы Байтұрсынов пен Төле би көшелерінің қиылысында екі жас тапа-тал түсте есірткінің жарнамасын іліп жүрген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Еркек пен әйелдің әрекеті өтіп бара жатқандардың назарына ілігіп, оларды видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған.
"Олардың жеке басы бірден анықталды. Олар бұрын сотты болған 39 және 28 жастағы жастар. Қазір олар ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды. Олардың әрекеттері ҚР ҚК 2-бөлігінің 299-1 бабы бойынша сарапталған. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі – мүлкі тәркіленіп, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттап немесе заңсыз жарнамалағаны үшін үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қаралады", – деді Алмалы аудандық полиция бөлімінің бастығы Есен Ысқақов.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді