Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қалаға кіру және шығу шектеледі: Алматыда комменданттық сағат енгізілді

Алматыда комменданттық сағат енгізілді. Бұл туралы президенттің қаулысында айтылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алматы

Комменданттық сағат 23:00-ден таңғы 07:00-ге дейін жалғасады. Алматыда полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов коммендант болып сайланды. 

Төтенше жағдай кезінде:

1) қоғамдық тәртіптің сақталуы, аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық объектілердің, сондай-ақ халықтың тыныс-тіршілігін және көлік қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін объектілердің күзетілуі күшейтіледі; 

2) Алматы қаласында жүріп-тұру, оның ішінде көлік құралдары қозғалысының еркіндігіне шектеледі

3) Жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру, оларды жеке тексеру, олардың жанындағы заттарын, көлік құралдарын тексеру қамтамасыз етіледі; 

4) Алматы қаласына кіру, сондай-ақ одан шығу шектеледі

5) Бейбіт жиналыстарды, ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынады; 

6) Ереуілдерге және заңды тұлғалардың қызметін тоқтата тұрудың немесе тоқтатудың өзге де әдістеріне тыйым салынады; 

7) қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар, арнаулы құралдар, улы заттар сатуға тыйым салынсын, дәрі-дәрмектің, есірткі заттардың, психотроптық заттардың, прекурсорлардың, сондай-ақ этил спиртінің, алкоголь өнімдерінің айналымына ерекше режим белгіленеді; 

8) Жеке тұлғалардан қару мен оқ-дәріні, улы заттарды уақытша алып қою, ал заңды тұлғалардан қаруға, оқ-дәріге және улы заттарға қоса әскери және жауынгерлік оқу техникасын, жарылғыш және радиоактивті заттарды уақытша алып қою қамтамасыз етіледі.

Талқылау