Алматыда қоқыс алаңынан терісі сыпырылған сегіз иттің өлексесі табылды

Алматының Алатау ауданының тұрғындары қоқыс алаңынан терісі сыпырылған сегіз иттің өлексесін тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тұрғындардың айтуынша, иттердің өлексесі 9 наурызда Самғау ықшамауданындағы (Көкөрай көшесі маңы) қоқыс алаңынан табылған.
Куәгерлердің сөзінше, сол жерден түлкінің бастары, биологиялық қалдықтар салынған қаптар және көп мөлшерде аң терісі де анықталған. Сыртқы белгілеріне қарағанда, жануарлар арнайы бөлшектелген болуы мүмкін.
Сондай-ақ тұрғындар қоқыс төгілген жерге дейін апаратын көліктің жаңа дөңгелек іздерін байқаған. Олар жануарларды бұл жерге көлікпен әкеліп тастаған болуы ықтимал деп болжап отыр.
Алматы облысында қабаған иттер 52 жастағы әйелді талап тастаған
Алматы облысында ер адам әйеліне үргені үшін итті қақ маңдайынан атып кетті
Оқиға орнына полиция қызметкерлері барып, жануарлардың қалдықтарын алып кеткен.
Ал тұрғындар бұл жағдай бойынша полицияға, прокуратураға, әкімдікке және ветеринария басқармасына ресми өтініш жолдап, жан-жақты тексеру жүргізуді талап етпек.
Айта кетейік, бұған дейін иттерге жаны ашып, жылыту үшін подъезге кіргізген алматылық зейнеткер айыппұл арқалағаны хабарланған еді.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік