Алматыда қызды аңдып, қол жүгірткен 14 жастағы жасөспірім болып шықты
Фото: Видеодан скрин
Алматыда көшедегі бір қызды аңдып, оның денесін ұстаған адам кім екені анықталды. Түрксіб аудандық полиция басқармасының қызметкерлері 14 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қыз полицияға арыз түсіріп, оның интимді жеріне қол тигізгенін көрсеткен. Жасөспірім мектепішілік есепке алынды, ал кәмелетке толмағанның ата-анасы бала тәрбиесіне тиісті деңгейде көңіл бөлмегені үшін әкімшілік жауапқа тартылды.
Іс материалы Түрксіб ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралады.
Жасөспіріммен және оның отбасымен психологтың қатысуымен профилактикалық жұмыс жүргізілді.
Алматы облысында 17 жастағы қыз үшінші сыныптан бері өгей әкесінен зорлық көріп келген
Екібастұзда InDrive жүргізушісі жолаушыға салонда темекі шеккені үшін интим ұсынған
Еске салайық, бұған дейін Алматыда ер адам бойжеткенді аңдып, кейін оның жыныс мүшесіне қол жүгірткенін жазған едік. Алматының Түрксіб ауданында ер адам бойжеткеннің артынан аңдып, есік алдына жеткенде оны итеріп жіберген. Қыз жұрттан күдіктіні табуға көмек сұрап, видеоны жариялады.

Министр Нұртілеу ұсталды деген сыбыс қазақстандықтарды дүрліктірді: Бұл істің соңы немен бітті, Бажкенованы не күтіп тұр?
