Алматыда қайталама нарықтағы үйлердің бағасы шарықтап кетті
2022 жылдан бері Алматыдағы қайталама тұрғын үй бағасы жылдам қарқынмен өсіп келеді. Наурыз айында қайталама нарықтағы пәтер бағасы бір айда 3,7% өсті. Бұл 2022 жылғы қазаннан бергі ең үлкен айлық өсім болып саналады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Data Hub Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Ru.freepik.com
Бұл сегменттегі бағалар қатарынан үшінші ай өсіп жатыр және бағаның өзгергені айтарлықтай байқалады. Бірақ жақында нарықтағы жағдай мүлде басқаша еді. 2024 жылы баспана бағасы көбіне төмендеп отырды. Соған қарамастан, Алматыдағы қайталама тұрғын үй бағасы жылдық есепте де өскен. Ұлттық статистика бюросының дерегіне сенсек, наурыз айындағы көрсеткіш бойынша – +7,2%.
Бастапқы нарыққа келсек, Алматыда жаңа үйлердің бағасы бір айда +1,9% өскен. Бұл 2023 жылдың қыркүйегінен бері сегменттегі ең жоғарғы өсім болып саналады.
Алайда жалға берілетін үйлердің бағасы төмендеген. Ақпанмен салыстырғанда жалдамалы пәтердің құны 0,9% түскен. Сондай-ақ Астанада да жалдамалы үй бағасы 2,6% төмендеген. Бұл 2023 жылдың сәуірінен бері ең үлкен төмендеу көрсеткіші болса, бір жағынан, соңғы айларда елордада жалдау ақысы айтарлықтай өскен еді. Сол себепті наурыз айының қорытындысы бойынша ресми статистика жылдық есепте жалдау ақысының 25,4% ұлғайғанын көрсетті.
Бұған дейін Қазақстанда ипотека құны өсетіні туралы жазған едік.

"Қазақтың ашкөздігі - ашаршылықтан": Психолог ашаршылықтың қазақтарға қалай әсер еткенін айтты
