Алматыда қатты жарылыс болып, қаланың бір бөлігі жарықсыз қалды (видео)
Фото: Видеодан скрин
Алматының Әуезов ауданындағы Сайран маңында бір сағат бұрын жарылысқа ұқсас қатты дыбыс естілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Одан кейін жақын маңдағы үйлерде электр жарығы өшірілді. Редакцияның боты арқылы хабарлаған оқырмандардың айтуынша, жарық өшірілуі бірнеше микрорайондарға да әсер еткен.
Жарты сағаттың ішінде жарық қайта қосылды.
Төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, трансформаторлық қосалқы станцияда өрт шыққан. Қазір оқиға орнында электр желісі компаниясының қызметкерлері объектіні электр энергиясынан ажыратуға тырысып жатыр. Өрт сөндірушілер өртті сөндірді.
Дегенмен ведомство жарылыс туралы ақпаратты жоққа шығарады. Алматы тұрғындары не естігені әлі түсініксіз.
"Алатау Жарық Компаниясы" хабарлауынша, сағат 08:46-да ПС-7А "АХБК" пен ПС-160А "Ерменсай" қосалқы станциялары арасындағы 110 кВ №110А және №111А электр желілері авариялық түрде ажыратылған. Соның салдарынан мына қосалқы станциялар сөніп қалды: ПС-59А "Сайран", ПС-102А "АДК", ПС-6А "Геологстрой", ПС-43А "Оңтүстік".
Электр жарығының уақытша өшуі мына аудандарда байқалды:
-
Бостандық ауданы (Аль-Фараби, Розыбакиева, Жандосова, Жарокова көшелерінің аумақтары);
-
Ауэзов ауданы (Сайна, Жандосова, Абая, Розыбакиева көшелерінің аумақтары);
-
Алмалылық ауданы (Райымбек даңғылы, Тлендиева, Төле би, Ұтеген батыр көшелерінің аумақтары).
"Қосалқы станцияда өрт шықты" деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Ажыратудың себебі – 110 кВ ЛЭП-110А желісінің соңындағы муфтаның тұтануы. Сағат 09:13-те барлық тұтынушыларға электр қайта қосылды", – делінген компания хабарламасында.
Алматы маңындағы саяжай тұрғындары 6 жыл бойы жарық пен сусыз отырғандарын айтып шағымданды
Еске салайық, бұған дейін Алатау ауданында бірнеше сағат бойы электр жарығы өшіп, тұрғындар жарықсыз және ұялы байланыссыз қалған. Бағдаршамдар істемей, көшелерде кептеліс пайда болды, полиция ұзақ уақыт бойы қиылыстарда болмағандықтан, адамдар қозғалысты өздері реттеуге мәжбүр болды. "Алматы электр желілері" компаниясының хабарлауынша, ЖЭО-2 нысанында 110 кВ желілерде апатты ажырату тіркелген. Қазір апатты қалпына келтіру бригадалары жұмыс істеп, электр энергиясы кезең-кезеңімен қосылып жатыр.
"Үш сағат істейтінді бізде он минутта бітіреді": Германиядағы қазақ дәрігері сүндеттеу ісінде Қазақстан қалай алға кеткенін айтып берді