Алматыда қатты қар: Әуежай уақытша қызметін тоқтатып, қалада 10 балдық кептеліс тіркелді
Бүгін Алматыда қалың қар жауып, ауа-райына байланысты көптеген рейстер кешіктірілуде. Әуежай уақытша қызметін тоқтатты. Қала көшелеріндегі кептеліс 10 баллға бағаланған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: kolesa.kz
Ауа-райына байланысты қаладағы қозғалыс пен әуе қатынасы да қиындаған. Алматы халықаралық әуежайы таратқан ақпаратқа сәйкес, ауа райының қолайсыздығына байланысты ұшу-қону жолақтары рейстерге уақытша жабылды.
"Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты әуежай 2024 жылдың 20 желтоқсанында сағат 20:45-тен 23:00-ге дейін рейстерге жабылады. Ұшу рейстеріне ауа райының жақсаруына байланысты қызмет көрсетіледі", – деді әуежай өкілдері.
Алматыдағы ауа-райына байланысты көптеген рейстер кейінге қалдырылып жатыр. Жолаушылар желіде ұшақтарының бірнеше сағатқа кешіккені туралы хабарламалар жариялауда.
Алматы жолдарында қалың қардың кесірінен көлік кептелісі орын алуда. 2GIS қызметінің мәліметі бойынша, сағат 19:00-де жол кептелісі 10 баллға бағаланды. Қала орталығында және Назарбаев, Рысқұлов, Райымбек, Абай және Әл-Фараби даңғылдарының учаскелерінде қатты кептеліс тіркелді.
“Бір бұрылыста тұрғаныма 20 минут болды, жұмысқа кешігіп жатырмын”, “Тезірек жетсек болар еді”, “ Бір орында тұрмыз, алдымыз мүлдем қозғалмайды”, “Үйге жете аламыз ба бүгін”, - деп жазды 2GIS қызметінде қала тұрғындары.