Алматыда Қаңтар оқиғасының құрбандарына арналған мемориал ашылды (видео)
Алматыда Қаңтар оқиғасының құрбандарына арналған мемориал ашылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ескерткіш қала әкімдігінің жанындағы скверде, Сәтбаев көшесінің оңтүстігінде және Назарбаев даңғылының батысында орнатылды. Мемориалдың ашылуына ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев келіп, сөз сөйледі.
Бұған дейін қаңтар айында жаппай тәртіпсіздік құрбандарына арналған болашақ пантеонның эскизін жасауға ашық архитектуралық байқау өткізілді.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы үшін күрескен батырлардың құрметіне пантеон салуды тапсырды. Ол пантеонға қазақстандықтардың қауіпсіздігі үшін өз өмірін құрбан еткендердің есімдері жазылатынын атап өтті.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі