Алматыда қаланың қақ ортасында дрифт жасаған Lexus жүргізушісі ұсталды
Алматыда Lexus көлігінің жүргізушісі қаланың қақ ортасында дрифт жасаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

31 жастағы жүргізуші Абай даңғылы мен Жароков көшесінің қиылысында дрифт жасап, жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төндірген. Полиция департаменті жүргізушінің ұсталғанын атап өтті. Сот қаулысымен құқық бұзушы 10 тәулікке қамауға алынған.
Полиция департаменті соңғы кезде, әсіресе, жас жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректері жиілеп кеткенін атап өтті.
“Алматы полициясы барша жүргізушілерге, әсіресе жастарға ескертеді: өмірмен ойнамаңыздар– өзіңіздікімен де, басқалардікімен де. Көлікті жауапкершілікпен жүргізу – бұл заңды талап қана емес, бұл – қоғамдық қауіпсіздік мәселе. Мұндай деректің барлығына заң шеңберінде қатаң түрде шара қолданатымызды ескертеміз”, – делінген полиция хабарламасында.
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"