Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда хоккейшінің жеке заттарын киім ауыстыру бөлмесінен ұрлаған үш жігіт ұсталды

Алматыда полиция павлодарлық хоккейшінің жеке заттарын киім ауыстыру бөлмесінен ұрлаған үш жігітті ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Time.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Time.kz

Оқиға 6 желтоқсанда Halyk Arena-да "Иртыш" хоккей клубының "Алматы" командасымен матч алдындағы жаттығуы кезінде болған. Сағат шамамен 17:00-де белгісіз адамдар киім ауыстыру бөлмесіне еш кедергісіз кіріп, спортшының ақшасын, банк карталарын ұрлап кеткен.

Жаттығудан оралған ойыншылар полиция шақырды. Тәртіп сақшылары бақылау камераларының жазбаларын қарап шықты. Бірақ қаскүнемдер өздерін әшкерелеп қойды. Олар спортшының карталарымен Halyk Arena маңындағы дүкендерден сатып алулар жасаған.

"Бірнеше сағат ішінде қылмысты ашу мүмкін болды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері жақын маңдағы ықшамауданның үш тұрғынын ұстады. Заттай дәлелдер заңды иесіне қайтарылды", – деп хабарлады Алматы Медеу аудандық полиция басқармасының басшысы Елдос Бақбергенов.

Бұл оқиғаның хоккейшілердің командалық рухына әсер етпей қоймағаны анық. Келесі күні Қазақстан чемпионатының матчында "Алматы" командасы "Иртышты" 5:2 есебімен ойсырата жеңді.



Еске салайық, бұған дейін Маңғыстау облысы полиция департаменті Ақтауда көшеде бұрынғы қызын ұрып-соққан ер адам ұсталғанын мәлімдеді. Олардың сөзінше, ер адамға ұрлық жасау және дене жарақатын салу бойынша қылмыс жасады деген айтып тағылды. Полиция департаментінің дерегіне сенсек, бұл оқиға барысында әйел адамды ұрып-соғып, оның жеке мүлкін тартып алған. Оқиға туралы ақпарат полицияға хабарланғаннан кейін жедел-іздестіру шаралары басталып, ер адам бірден ұсталды.

Талқылау