Алматыда ер адам автобуста қыздың жамбасына қол тигізген (видео)

Алматыда ер адам қоғамдық көлікте қыздың жамбасына қол жүгірткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желіде оқиға орнында түсірілген видео тарады. Кадрлардан ер адамның қыздың жамбасын бір қолымен ұстап, емін-еркін тұрғанын байқауға болады. Куәгерлер жағдайды видеоға түсіріп алған, алайда құқық бұзушы өзін түсіріп жатқанын білсе де, еш қымсынбаған.
Астанада жасөспірімдер автобустың артына мініп, қаланы аралаған (видео)
Куәгерлердің айтуынша, жәбір көрген қыз қорқып, келесі аялдамадан түсіп қалған. Дегенмен ер адам мұнымен қоймай, басқа қызға да сол әрекетті жасаған.
Мән-жайды анықтау үшін полицияға сұрау жібердік. Алайда әлі жауап бермеді.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда қоғамдық көлікте ер адам қызға қарап, өзін-өзі қанағаттандырғаны туралы жазған едік.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды