Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда 4,5 мыңға жуық киік мүйізін емдік мақсатта сатуға тырысқан қытайлық азамат ұсталды

Алматада Жетісу ауданындағы жеке үйлердің бірінде Қытай Халық Республикасының 58 жастағы азаматы ұсталды. Одан 50 жәшік киік мүйізі табылып, тәркіленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Рolisia.kz

Ұсталған ер адамның айтуынша, ол "Қызыл кітапқа" енгізілген элементті Алматы облысынан сатып алып, оны емдік мақсатта өз отанына тасымалдауды жоспарлаған. 

Арнайы операцияны Алматыда "Киберполдың" қызметкерлері жүргізген. 

"Ақбөкенді заңсыз дайындау және жою, осыған байланысты заңсыз жиналған ақбөкенді немесе оның дериваттарын, соның ішінде мүйіздерін алу, сақтау, өткізу, импорттау, әкету, жөнелту, тасымалдау фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ақбөкен мүйіздерін сату арнасы іздестіріліп жатыр", – деді Алматы ішкі істер департаментінің криминалдық полиция басқармасының басшысы Талант Исаев.

Тергеу мүддесі үшін басқа ақпаратты таратуға болмайды. 

"Соттың заңды күшіне енген үкімімен оның қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі анықталмайынша, әрбір адам кінәсіз деп танылады", – делінген полиция хабарламасында.



Еске салайық, бұған дейін Батыс Қазақстан облысында киіктің мүйізін сатып 7 жылға сотталған тұрғындардың туыстары сот шешімімен келіспейтінін жаздық. Олардың айтуынша, жақындары броконьер емес. Күдіктілердің дала жануарын аулағаны дәлелденбеген. Мәжіліс депутаты Абзал Құспан киік мүйізін сатумен және тасымалдаумен айналысқан азаматтар заңсыз сотталып жатқанын мәлімдеді. 

Талқылау