Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда дәрігерлер 105 магнитті моншақ жұтып алған екі жасар баланы құтқарып қалды

Алматыда хирургтар екі жасар баланың асқазанынан 105 магнитті моншақ алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасы

20 ақпанда бөтен затты жұтып қойды деген күдікпен Балалардың жедел жәрдем орталығына 2 жасар бала түсті.

"Бала металл магнитті бір апта бұрын қонаққа барған кезде жұтып қойған болуы мүмкін. Бастапқыда нақты саны белгісіз болды", – дейді ата-ана.

Дәрігерлер баланың құрсақ қуысын рентгенге түсірді.



"Өлшемі 6,2 х 2,2 см болатын металл заттар конгломераты анықталды. Бала бөтен затты алып тастау үшін шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды", – делінген денсаулық сақтау басқармасы хабарламасында. 

Бастапқыда мамандар объектілерді эндоскопиялық жолмен алып тастауға тырысқан. Бірақ магниттердің тығыздығына байланысты мүмкін болмады. Нәтижесінде хирургиялық әдіс таңдалды. Лапаротомия және гастротомия жасау туралы шешім қабылданды. Операция кезінде баланың асқазанынан 105 магнит моншақ алынды.

"Операциядан кейін науқас жансақтау бөліміне, одан кейін хирургия бөліміне ауыстырылды. Қазіргі уақытта баланың жағдайы қанағаттанарлық", – делінген хабарламада. 

Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте 6 жасар қыздың ішінен 1 келі шаш шыққаны туралы жазған едік. 

Талқылау