Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ішкі істер министрі қаршадай қызды педофилден құтқарған жігіттерді марапаттады

Алматының ірі сауда орталықтарының бірінде сұмдық жағдай орын алды. Екі оқушы қыздың соңынан әжетханаға еріп кірген ер адам жасөспірімдерді зорламақшы болған. Оқушыны құтқарып қалған Нұртілеу Еркебұлан мен Тұрсын Мұратәлі деген жігіттер. Ішкі істер министрі қызға дер кезінде көмекке келген осы күзетшілерді марапаттауды жөн көрген. Бұл туралы КТК арнасына сілтеп, Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ішкі істер министрі қаршадай қызды педофилден құтқарған жігіттерді марапаттады

Абырой болғанда азғынның арам ойы іске аспады. Қыздардың бірі қашып үлгеріп, айқайлап анасын көмекке шақырған. Белгілі болғандай, бірінші сынып оқушыларын онда жетекшісі мен ата-аналары кино көруге алып барған екен. 

Онда кинодан кейін еш алаңсыз кірген екі қыздың соңынан ер адам да ілесе кіреді. Арпалыста қыздардың бірі қашып үлгеріп, көмекке шақырған. Айқайға жетіп келген күзет дер кезінде есікті бұзып, 7 жастағы оқушыны педофилден құтқарып қалды.

"Қыз ішінен есікті құлыптамаған сәтті пайдаланып,ішке кіріп, оны зорламақшы болған. Қыз дауысын шығарып айқайлай бастады. Оны анасы естіп, дер кезінде көмекке шақырған. Көмекке бірінші болып сол сауда орнының күзетшілер келген", - деп мәлімдеді Алматы қаласы полиция департаменті ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Сорақысы сол, азғынның әйелдер әжетханасына кіріп кеткенін жан баласы көрмеген. Әншейінде адам қарасы көп сауда ортылығында дәл сол мезетте ешкім дәретханада болмапты. Қас пен көздің арасында болған сұмдық оқиғадан сауда орталығы қызметкерлерінің өздері шошып қалған.

"Кішкентай бүлдіршіндерді бақылаусыз жібермеу керек. Ол әрине әр ата-ананың міндеті ғой енді. Үлкен сауда ойын орталығына келгеннен кейін міндетті түрде балаларға қарау керек", - дейді сауда орталығы директорының орынбасары Қуат Әкімбаев.

7 жасар баланы зорламақ болған адам 32 жастағы ақтөбелік екен. Тура тоғыз жыл бұрын бір баланы зорлап, түрмеге жабылған. Бірақ, бостандыққа шыққан бойда ескі әдетіне қайта басқан. Қазір күдікті қамауда отыр. Оған қатысты екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр