Алматыда екі қабатты қойма өртенді (видео)

Жетісу ауданындағы жеке тұрған екі қабатты қоймадан өрт шығып, жедел штаб ашылып, 3 жауынгерлік учаске ұйымдастырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өрттің қайдан пайда болғанын анықтап, таралуына алдын алу үшін құтқарушылар шатырды ашты.
Өртті сөндіруге шамамен 80 адам мен 21 бірлік техника, сондай-ақ өрт сөндіру автопоезы жұмылдырылды.
“Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Өрт сөндірушілер ғимаратты суыту және конструкцияларды бөлшектеу жұмыстарын жалғастыруда. Оттың көршілес ғимараттарға тарау қаупі жоқ", - деп мәлімдеді Төтенше жағдай министрлігі.
Өрт 2500 шаршы метрді шартпыған. Тілсіз жау түгелдей сөндірілді.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"