Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда екі адамның қазасынан кейін Сайран көлі қоршауға алынды

Сайран көлі қоршалды

Фото: Александр Павский / Kazinform

Алматыда қайғылы жағдайдан кейін Сайран көлінің айналасына темір қоршаулар орнатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бір күн бұрын 17 жастағы жасөспірім мен 48 жастағы ер адам батып кеткеннен кейін көлдің маңына "Суға түсуге тыйым салынады" деген ескерту белгілері бар металл қоршаулар орнатылды.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері кезекшілік етеді, аймаққа кіруге уақытша шектеу қойылған. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін құтқару қайықтары тартылды. Абаттандыру жұмыстары да жалғасып жатыр.


"Адам емес, шошқалар": Сайрандағы демалушылар 19 мың теңгеден айыппұл арқалады


"Насыбай секілді жиіркенішті заттардың қалдықтары жатыр": Сайран жағалауын қоқыстан тазартқан жігіт желіде мақтау жинады


Бұған дейін әкімдік Сайрандағы демалыс аймағының ресми ашылуы әлі өтпегенін атап өтті.

Айта кетейік, Сайран көлінде бір күн ішінде екі қайғылы оқиға болды. Бұған дейін 17 жастағы жасөспірімнің Сайран көліне батып кетіп, көз жұмғаны туралы жазған едік. Одан соң тағы бір адам батып кетті.

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 26 Маусым, 2025 15:33
Талқылау