Алматыда егде жастағы ер адам қызға ақшаға интим ұсынып тиіскен
Фото: Pixabay.com
Желіде Алматыда ер адамның қызды қорлап, интимді ұсыныс айтқан видеосы пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ер адам қызға жыныстық қатынас үшін ақша ұсынған. Қыз жұмыстан кейін маникюрге бара жатқан екен.
Қарт адам “қызым” деп шақырып алып, сосын “қарындасым, өтініш” деп оны қолымен ұстамақ болған. Алғашында қыз оған көмек керек деп ойлапты. Бірақ оның орнына ол қызға жағымсыз сөздер айтты.
Елорда тұрғыны кек алу мақсатында танысының атынан желіге ұятсыз жарнама жариялаған
Бұл оқиғаға байланысты Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.
"Оқиға бойынша жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр. Оқиғаның барлық объективті мән-жайлары анықталып, құқықтық баға беріліп, Қазақстан Республикасының заңнамасына қатаң сәйкес шаралар қабылданады", – деді ПД.
Сондай-ақ олар полицияның мұндай фактілерге принципті түрде әрекет ететінін және оларды назардан тыс қалдырмайтынын қосты.
Еске салсақ, бұған бейін Ақтөбеде мешітте ер адам қызға интимдік қатынас үшін бір реттік некеге тұруды ұсынғаны туралы жазған едік. Желіде тараған видеода бойжеткен ер адамның оны мешіттен шығармай қойғанын айтқан.
Көп ұзамай полицейлер мешітте қызға орынсыз сөйлеген ер адамды анықтап, ұстады. Ақтөбе қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотында 42 жастағы күдікті Талғат Ахметовке қатысты іс қаралды, сотта күдікті өз кінәсін мойындамады. Алайда сот Ахметовтің кінәсі дәлелденді деп тауып, оны 5 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды.

Қазақша қызмет көрсетуден бас тартқан Алакөлдегі демалыс орны жұмысын тоқтатты
