Алматыда демалыс күндері қоғамдық көліктердің жүруіне қашан рұқсат беріледі?
Қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қалада демалыс күндері қоғамдық көліктердің жүруіне рұқсат берілмейтінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бас санитарлық дәрігер эпидемиологиялық жағдай жақсармағанға дейін, демалыс күндері қоғамдық көліктер жүрмейтінін жеткізді. Яғни, қоғамдық көліктердің қозғалысына қала "қызыл" аймақтан шыққанан кейін рұқсат берілмек.
"Алматы "қызыл" аймақтан шыққанға дейін демалыс күндері қалада қоғамдық көліктер жүрмейді. Өйткені жағдайдың қалыпқа келуі маңызды. Осы демалыс күндері қоғамдық көліктердің жұмыс істемегені өз нәтижесін берді. Өйткені соңғы нәтижелер әлдеқайда жақсы", - дейді Бекшин.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"