Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда дәрігерлер 1 жасар баланың ішінен 31 магнит алып шықты

Фото: Алматы әкімдігі

Алматы қаласының балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында 1 жас 9 айлық сәбиге шұғыл ота жасалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттгі хабарлайды. 

Алматы әкімдігінің мәліметінше, бала 31 магнит жұтып қойып, ішегіне ауыр зақым келіп, перитонит белгілерімен өте ауыр жағдайда жеткізілген.

Хирургтер магниттерді алып, жіңішке ішектегі зақымдарды қалпына келтіріп, құрсақ қуысын толық тазарту шараларын жүргізген. Дәрігерлердің айтуынша, бұл ота баланың өмірін сақтап қалудың жалғыз жолы болған.

Фото: Алматы әкімдігі

“Мамандар тіпті бір ғана магниттің өзі қауіпті екенін айтады. Бірнеше магнит ағза ішінде өзара тартылып, ішкі тіндерді зақымдап, санаулы сағаттың ішінде ауыр асқынуға әкелуі мүмкін”, – делінген әкімдік хабарламасында. 

"5 жыл бойы жиналған": Алматыда дәрігерлер 25 жастағы әйелдің асқазанынан бір бума шаш алып шықты

2026 жылға арналған Ораза кестесі жарияланды


Дәрігерлер ата-аналарды балаларды магнитті ойыншықтар мен құрамында ұсақ магниті бар заттардан қорғауға, ал жұтып қойған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгінуге шақырды.

Еске салсақ, бұған дейін Шымкентте дәрігерлер үш жасар баланың асқазанынан 16 магнит алып шыққан еді.

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 11 Ақпан, 2026 20:04