Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда бұрын екпе алған науқастардың бірі қызылшамен қайта ауырған

Фото_ Shutterstock қызылша корьФото: Shutterstock.com

Алматы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте бұрын вакцина алған бір науқастың да қайта ауырғанын хабарлап, қаладағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақсыз деп мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мәліметтерге сенсек, тағы 33 жағдайда да науқастар вакцинацияның толық емес курсын алған.

"Өкінішке қарай, осындай бір ғана жағдай тіркелді, науқас толық екпе алған. Алайда егжей-тегжейлі тексеру барысында екінші доза салынған сәттен бастап ауырғанға дейін екі аптадан аз уақыт өткендігі анықталды. Поствакциналық иммунитеттің қалыптасуына бұл уақыт жеткіліксіз болды. Туыстарымен, жақындарымен немесе жұмыс барысында байланыста болған болуы мүмкін. Вакцинаның тиімділігіне күмәнданбауға болады. Ол жұқтырудың алдын алатын тұрақты иммунитет қалыптастыруға мүмкіндік береді", – деді Қалықова.

Әсел Қалықованың айтуынша, жалпы Алматыда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз. 2026 жылдың басынан бері қызылшаның 482 расталған жағдайы тіркелген, олардың басым бөлігі балалар. 482 науқастың 425-і екпе алмаған.



Еске салайық, бұған дейін Щучинсктегі әскери колледжде 66 курсант қызылшамен ауырып қалғанын жазғанын жаздық. Колледж басшылығының мәліметінше, жұқпалы аурудың белгілері оқушылар демалыстан оралғаннан кейін анықталған. Қазір 66 кадет ауруханада дәрігерлердің бақылауында жатқаны белгілі болды.

Айым Атамбаева
Сейсенбі, 17 Ақпан, 2026 13:55