Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы күштеп "алып қашу" оқиғасы: Видеодағы қыз кешірім сұрады

Алматыда екі жігіт бойжеткенді күштеп, көлікке мінгізіп алып қашып кеткен болатын. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тараған еді. Қалалық полиция департаменті арнай тексеру жүргізіп, оның пранк екенін анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Аталған дерек бойынша тексеру шаралары жүргізіліп, нәтижесінде оның ұйымдастырушылары мен қатысушылары анықталды. Олардың іс-әрекетіне құқықтық баға берілетін болады",- деп хабарлады қалалық полиция департаментінен. Сонымен қатар пранк жасаған 18 жастағы бойжеткен халықтан кешірім сұрады. "Мен, бұл әлеуметтік эксперимент - пранк екенін айтқым келеді. Мен сол видеодағы қызбын. Менде бәрі жақсы, мені ешкім алып қашқан жоқ. Жұртшылықтан кешірім сұраймыз", – деді ол.

"Шевроле Нексиа" автокөлігінің жүргізушісі – 1988 жылы туған И.есімді азаматта анықталып әкімшілік жауапқа тартылды.

"Құқық бұзушылық дерегіне сәйкес оған қатысты ҚР ӘҚбК-нің 290 бабы 2 бөлігі (КҚ мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінсіз басқару) және ҚР ӘҚбК-нің 601 бабы 1 бөлігі (жол белгілері мен таңбаларының талаптарын сақтамау) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.Көлік құралы мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды",- деп атап өтті ведомствадан.

Еске салайық, қыз алып қашқандардың видиосы кеше әлеуметтік желіде тарған болатын. Кейін тәртіп сақшылары осы оқиғаға қатысты полицияға ешқандай арыз түспегенін айтты.

Талқылау